72 алматылық жүздеген адамның өмірін сақтап қалуға үлес қосты.
Дүниежүзілік қан доноры күніне орай өткен Донорлар фестивалі аясында Алматы тұрғындары ауқымды донорлық акцияға қатысып, 36 литрден астам қан тапсырды.
Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Алмалы ауданы әкімдігінің қолдауымен Қалалық кардиологиялық орталық және Қалалық қан орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Қан мен оның компоненттері жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге, күрделі операциядан кейінгі пациенттерге, онкологиялық және гематологиялық аурулары бар жандарға, сондай-ақ босану кезінде асқынулар болған әйелдерге күн сайын қажет.
Алматыда жыл сайын шамамен 35 мың доза қан компоненттері пайдаланылады. Күн сайын 120-ға дейін қан құю процедурасы жасалады. Сондықтан әрбір донация — біреудің өмірін сақтап қалуға берілген мүмкіндік.
Барша донорларға алғыс білдіреміз!



