Құрылымдық - қызметтік бөлімше
Донорларды жинақтау бөлімшесі:
- тіркеу - донорларды рәсімдеу
- дәрігер кабинеттері- донорларды қабылдау және медициналық қаралу
Қан және оның компоненттерін даярлау бөлімшесі:
- тіркеу-штрих-кодтарды басып шығару, анықтамаларды рәсімдеу
- донация залдары -қан және оның компоненттерін тапсыру жүргізілуде
- қанды алғашқы фракциялау блогы - ценрифуганың көмегімен қанды бөледі және қан компоненттерін: плазманы, эритроциттерді, тромбоциттерді жүргізеді. Плазманы қатырады, қалған компоненттерді тестілеу аяқталғанша сақтау орындарына реттеп қояды.
- плазманы карантидеу және қан компоненттерінің жарамсыздарын шығару блогы - ұзақ мерзімге сақталатын плазма рәсімделеді және тоңазыту камерасына салынады. 4 ай өткен соң донор қайтадан келіп қан тапсырып және оның нәтижесі инфекцияға теріс нәтиже көрсеткен болса, онда плазманы карантиндеуден өткен, яғни қауіпсіз, дайын өнім ретінде бөлімшеге жібереді. Ал егер донор келмесе оның алғашқы теріс нәтижесі барысында оның плазмасы жоюға жатады. Қалған компоненттер жарамсыздыққа жатады. Ол не? Донорлардың қаны тестіленеді және нәтижелері мәліметтер базасына енгізіледі.
Қанды тестілеу бөлімшесі
Донорлардың алғашқы зерттеу зертханасы - донацияға дейін гемоглобин мен қан тобын анықтайды.
Изо иммуногематологиялық зерттеулер зертханасы - қан тобын және резус затын растайды, донордың сарысуында өзге денелер бар ма екендігін анықтайды.
Клинико-биохимиялық зерттеулер зертханасы - өтеусіз донорлар үшін АЛТ деңгейін анықтайды, кадрлық үшін қосымша қанның жалпы талдауы, жалпы ақуыз деңгейі және басқа да зерттеулер жүргізіледі. Сапаны бақылау аясында қан компоненттерін зерттеуде осы жерде жүргізіледі.
Трансфузиялық инфекция зертханасы - қызметтері атаудан көрінеді, донордан пациентке өтуі мүмкін ауруларға тестілейді. Зерттеу екі әдіспен жүргізіледі - ИФА: ВИЧ, В және С гепатиті, сифилис және ПЦР әдісімен ВИЧ, В және С гепатитіне, және де бруцеллезге тексеру жүргізіледі.
Дайын өнім беру бөлімшесі
Алматы қ. медициналық ұйымдарының сұраныстарына сәйкес, оларды қан компоненттерімен қамтамасыздандыру үшін тәулік бойы жұмыс істейді.
Әкімшілік-Шаруашылық бөлім
- басқарма, өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру-әдістемелік мәселелерді шешу.
- қаражатты басқару
- жалпы шаруашылық мәселелерді шешу