г. Алматы, Бостандыкский район, проспект Бухар Жырау, 47
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қалалық қан орталығы
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қалалық қан орталығы

 

Алматы қалалық Қан орталығы - Алматы қаласының денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз әрі сапалы донорлық қан компоненттерімен қамтамасыз ететін мамандандырылған медициналық ұйым. Орталықтың қызметі ерікті донорлық қозғалысты дамытуға, қанды дайындау және өңдеудің заманауи технологияларын енгізуге, сондай - ақ әрбір пациент үшін трансфузиялық көмектің жоғары деңгейдегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Орталық Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 11 наурыздағы №2/220 қаулысына сәйкес құрылды. 2004 - 2005 жылдары ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үй - жайлар қайта жоспарланды, кәсіби мамандар ұжымы жасақталды және заманауи материалдық - техникалық базамен жабдықталды. 2006 жылдан бастап Орталық донорларды қабылдай бастады және бүгінгі таңда Алматы қаласының қан қызметіндегі негізгі ұйымдардың бірі болып табылады.

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • ерікті өтеусіз қан және оның компоненттері донорлығын ұйымдастыру, дамыту және насихаттау;
  • донорларды тарту, есепке алу және медициналық іріктеу;
  • донорлық қанды және оның компоненттерін дайындау, өңдеу және өндіру;
  • әрбір донацияға заманауи диагностикалық әдістерді қолдана отырып зертханалық тексеру жүргізу;
  • пациенттерге иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу, сондай - ақ жыныс жасушаларының, ағзалар мен тіндердің донорларын АИТВ - ға зерттеу;
  • қан компоненттерін сақтау, есепке алу және олардың сапасын барлық кезеңде бақылау;
  • Алматы қаласының медициналық ұйымдарын қажетті донорлық қан компоненттерімен қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтау ұйымдарында донорлық қан компоненттерін тиімді және ұтымды пайдалануға мониторинг жүргізу.

Бірге өмірді сақтаймыз

Қан донорлығы – жоғары азаматтық жауапкершілік пен ізгіліктің жарқын көрінісі. Донорларымыздың жанашырлығының арқасында жыл сайын мыңдаған пациент күрделі операциялар, ауыр сырқаттар, жарақаттар және төтенше жағдайлар кезінде қажетті медициналық көмек алады.

Алматы қаласының Қалалық қан орталығы медициналық талаптарға сай келетін барша азаматтарды донорлық қозғалысқа қосылып, адам өмірін сақтауға бағытталған ізгі миссияның бір бөлігі болуға шақырады.