Донация емшарасын өту алгоритмі
• Қан Орталығына келіп, Сіз донорлық бөлімнің тіркелу орнына жүгінесіз. Құжатыңызды, жеке куәлігіңізді (жеке куәлік, паспорт, әскери билет - тек қана шұғыл қызметтің әскери қызметкерлеріне) алуға ұмытпаңыз. Тіркеу орнында Сізге донор сауалнамасын береді. Толтыру барысында жауап беруде қиындықтар туындаса немесе сұрақты түсінбесеңіз медтіркеушіге жүгініңіз. Егер Сізге қан тапсыруға болмайтындығы немесе Сіз донор бола алмайсыз деген анықталса, онда түсініктеме алу үшін дәрігерге жолығыңыз.
• Сауалнаманы толтырғанна кейін сіздің мәліметтеріңізді бірыңғай донорлық орталық базасына енгізеді және донорлардың алғашқы тексеру зертханасына №1 кабинетке жолдама береді. Ол жерде саусақтан қан алады және де Сізге:
- қан тобын және оның резус затын;
- гемоглобинді анықтайды.
Барлық кабинеттерге шақыру монитор көмегімен жүргізіледі: Сіздің А.Ж.Т.пайда болады, сондықтан мұқият болғаныңыз дұрыс!
• Ары қарай Сіз сұбаттасудан және №3 немесе №5 кабинетте терапевттің алғашқы
қарауынан өтесіз (термометрия, АҚ өлшеу, бойды, салмақты өлшеу). Дәрігер донация түрін және оның көлемін (донация түрі Сіздің қалауыңыздан емес, тапсыру барысындағы қан банкінің талаптарына байланысты) анықтайды, қолыңызға донор картасын және тамақтану талонын береді.
• Қан және оның компоненттерін донациялау алдында буфетке кіріңіз, осы жерде Сіз қант және пешенемен шәй ішіңіз (әдетте донорлар қан орталығына келер алдында сұйықтықты аз ішеді сондықтан шәйді ішу керек, сонда қан тапсыруда проблема болмайды).
• Кейін Сізді қан даярлау бөліміне шақыртады, кіберебірстен оң жақтағы №8 кабинетке өтіңіз. Аяқ киіміңізді және жүн бұйымдарын шешіңіз, мобильді телефоныңызды өшіруін сұрайды. Мед тіркеуші донация залына өтуді өтінеді.донация кезінде Сізден ВИЧ, Вжәне С гепатиті, сифилис, бруцеллез, АЛТ зерттеу үшін, қан тобын растау үшін қан алады. Қан тапсырылғаннан кейін Сізге анықтама және тамақтану талонын береді, буфетке барсаңыз - Сізге ыстық тамақ немесе құрғақ азық үлесі (шырын және шоколад) ұсынылады.
Емшараның басынан аяғына дейін Сіз білікті мамандар қарауында боласыз.Біз өз жұмысымызда бір жолғы және стерильді шығын материалдарын қолданамыз. «Инфо донор» автоматтандырылған жүйесі уақытты үнемдеуге ықпал етеді.
Қанның қауіпсіз донорлығы менен басталады!
Қан - емдік құралы сияқты ештеңемен алмастыруға болмайды
Замануй медицина алыс алға бет алды. Өкпені жасанды вентиляция, жасанды қан айналымы, жасанды бүйрек аппараттары, бірақ қанды толық алмастыратын зат жоқ және де жақын арада бола қоймас. Қанның қайнар көзі ретінде адма ғана бола алады, тек қана ДОНОР. Бүгінгі таңда әлемде оның бөлігін ғана алмастыратын препараттар ғана шығарылады.
Қан қандай да бір жағдай болмасын қажет болуы тиіс.
Қандай да бір минутта және қай жерде болмасын үлкен қансырау болған бақытсыз жағдайлар болуы ықтимал. Сондай жағдайларда донорлық қан сұранысы күрт өсіп кетеді. Пациент үшін тиімді және қауіпсіздеу алдын ала зерттелген қан компоненттерін құяды. Ал ол үшін қан қоры тұрақты болуы қажет, яғни донорлардың дәл «жамандық болған» сәтте емес, «жамандық» мүлдем болмас үшін ертерек тапсырған дұрыс.
Үнемі қан қоры болу біздің көңілімізде.
Мұқтаж адамдар тек қана қауіпсіз қанын алу тиіс.
Өзіңнің бір бөлігіңді беріп өзге адамның өмірін сақтай отырып, қанының қауіпсіз болған жағдайда ғана пайда беретінін әр қайсысы түсіну тиіс. Қауіпсіз қан құрамында, науқасқа зиян келтіретін вирус, паразит, нашақорлық заттар, химиялық жалғаулар болмайды. Сондықтан салауатты өмір сүруді жүргізу мәселесі аса өзекті болып қалады. Донордың денсаулығы - оның жеке капиталы ғана емес, ол өзгелердің үміті мен денсаулығы.
Донор болу немесе болмау?
Ұлттың денсаулығы, моральдық солай тұрғыдағыдай осы сұраққа қалай жауап беретіндігіңізден анықталады. Донорлық өте құрметті және де моральдық қанағаттану мен өзіне деген сенімділік береді. Донор болам деген дұрыс шешім қабылдап, бір күні сіз басқа адам боласыз және де бұл сізді тұлға ретінде жақсы жақтан сипаттайды. Сіздің әрекетіңізді білген адамдар сізді мінсіз жақсы және қамқоршыл адам деп есептейді.
Ойланыңыз, донор болу шешімін қабылдаңыз.
Сіз неге қан тапсырмайсыз?
1. Маған қан тапсыр деп сұрамаған.
Сізді шақырды деп есептеңіз. Сіздің қаныңыз, сіз жасай алатын ең қымбат сыйлық. Мұқтаж адамдарға өмір дегенді білдіреді. Сенің танысың, досың, туысың болсын.
2. Мен тым кәрімін (жаспын). жастан
Қан және оның компоненттерінің доноры ретінде жынысына, мамандығына байланысты емес 18 жастан асқан әрекетті әр азамат болуы мүмкін. Егер де Сіз сау болсаңыз, онда сіз терең қартайған жасқа дейін қан тапсыра аласыз.
3. Қан тапсыру мен үшін қорқынышты.
Алғаш рет әр қайсысы қорқады. Бірақ та мыңдаған донор қанды 40 реттен астам тапсырады. Қан тапсыру үшін супермен болудың қажеті жоқ. Бұл өте қарапайым емшара.
4. Қан тапсыру барысында мен ЖИТС, гепатит жұқтыруым ықтимал.
Қан тапсыру барысында тек қана бір реттік, жеке стерильді жүйелер пайдаланылады. Бұл донорды тек ЖИТС-н ғана емес, басқа да инфекцияны жұқтыру мүмкіндігінен айырады.
5. Мен қанды тек қана шұғыл жағдайларда ғана тапсыра аламын.
Шұғыл жағдайлар әр минут сайын болып жатады. Қай бір минутта және қай бір орында бақытсыз жағдай болып, зардап шегушіде үлкен қансырау болуы ықтимал. Қан компоненттеріне мұқтаждар үшін әр минут шұғыл. Сондықтан, қан қоры үнемі болуы тиіс. Сіз қанды денсаулығыңызға зиян келтірмей жылына төрт-бес рет тапсыра аласыз.
6. Бұл тым ыңғайсыз, менің қолым босамайды.
Қалалық қан орталығы донорларды дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері 9:00 -ден 16:00-ға дейін, ал сенбі күні 9:00 -ден 14:00-ға дейін қабылдайды. Шығу бригадалары мекемелерде, кәсіпорындарда және ұйымдарда жұмыс істейді. Сіздің қаныңыз өмірді сақтайды. Сіздің донор болу үшін жылына үш сағат уақытыңызды бөлуге шешілерсіз, деп ойлаймыз.
7. Бір күні қан тапсырып, маған оны үнемі жасап тұру керек емес пе.
Қан тапсыру әдетке айналмайды немесе организмдегі қан өнідірісн ұлғайтпайды. Адамдар эволюциялық тұрғыда қан жіберуге икемделмеген: бұл жарақат барысындағы реакцияның әмбебап механизмі, ал әйелдерде - арганизмнің қалыпты қызметтесуінің бөлігі.
8. Соның өзінде мен әлсіздікті сезінемін.
Сол уақытқа дейін Сіз қан орталығынан кетесіз, Сіздің организміңізде жоғалтқан қан мөлшері қалыптаса бастайды. Организмдегі сұйықтық теңгерімі 24 сағаттан кейін қалыптасады, 21 тәуліктен кейін қан жасушалар саны өзінің қалыпты деңгейіне жетеді.
9. Мен өз үлесімді қостым - көп жыл бұрын бірнеше рет қан тапсырғанмын.
Сіздің бір кездері қан тапсырғаныңыз үшін рахмет. Біздің қазірде сізге зәруміз және де Сізді қайтадан көруге қауаныштымыз. Егер де сіз жылына екі рет қан тапсырсаңыз, Сіздің қаныңыз көпшілікке пайдасын береді.
10. Мен тым арықпын.
Егер де Сіздің салмағыңыз 50 және одан да артық болса, онда мұқтаж адамдармен бөлісуге болатындай Сізде жеткілікті қан бар.
11. Инені жек көремін (инеден қорқамын).
Қан тапсыру үдерісі аса жағымсыз (ауырсынусыз) болсын десеңіз, сізден қан алу кезінде соны көрудің қажеті жоқ. Жағымсыз сезіммен байланысты барлық жайсыздықтар Сізөдің қаныңыз біреудің өмірін сақтап қалатындығын салыстыру сезімінің жанында түкке тұрмайды.
12. Мен спортпен шұғылданамын.
Онда Сіз дені сау адамсыз және де бұл донор болу үшін өте қолайлы себеп. Қан тапсыру Сіздің спорттық нәтижелеріңізге әсер етпейді және де қанға зәру адамдарға көмектеседі.
13. Біреуге қан беру үшін менде қан тым аз.
Үлкен адамның организмінде 5-6 литр қан (7% дене салмағы) және де дені сау адамдар қанды жиі тапсыра алады. Қанды жиі тапсырмасаңызда, сіздің қаныңыз организмде үнемі жаңарып тұрады, сондықтан жұмсалған саны тез қалыптасады. 450мл дозасы физиологиялық деп аталады және Сіз қауіптенбей жылына төрт рет тапсыра аласыз.
14. Менің қаным бәрі бірде керек емес, менде кең таралған топ.
Тіпті, керек! Өйткені науқастардың арасында кеңінен таралған. Қанның барлыөқ топтары қажет - ең сирек қан ретінде уақытында таба алмаған қан болып табылады!
15. Мен қан тапсыруға барам деп, бара алмай жүрмін.
Бүгін жиналыңыз, және Сізге Қалалық қан Орталығына баруды кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Нәтижесінде Сіздің келетін шешіміңіз Сіз үшін жағымды болады! бізге телефон шалыңыз 274-30-99, дүйсенді, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері 9:00 -ден 16:00-ға дейін, ал сенбі күні 9:00 -ден 14:00-ға дейін қабылдайды.
Қазіргі заманда ертеңгі күнге толық сенімді болуға болмайды және ертең дәл Сізге біреудің көмегі мен қайырымдылығы қажет болмайтынын толық сеніммен айтуға болмайды. Сондықтан, неге барлық дені сау адамдарға осы бір қайырымды мақсатпен бірікпеске?! Өйткені осы салыстыруға келмейтін атқарылған азаматтық борыш сезімін және де бір минут бұрын сен біреудің өмірін сақтап қалдың деген сезімді алып жүру керемет қой!
Өтінеміз, ойланыңыз және де донор болуға шешім қабылдаңыз!
Қанды өзіңіз үшін тапсырыңыз
Қан тапсыру пайдалы
Адамдар қан алуға эволюциялы бейімделген: бұл жарақат барысындағы рекцияның әмбебап механизмі, ал әйелдерде - организмнің қызметтесуінің жалпы бөлігі. Қан алу ғылыми-дәлелденген дозаларда ынталандырушы әсерге ие, сондықтан донорлар - көбінесе белсенді және жарқын жүзді адамдар. Соңғы зерттеулер бойынша донорлардың жүректің ишемиялық ауруымен сирек ауратындарын көрсетті. Қан тапсыру әсіресе экстрималды мамандықтағы адамдарға пайдалы: әскери қызметкерлер, қорғау қызметінің қызметкерлері, күзетшілер, және де кәсіби қауіпке душар болғандар. Донорлар қан жоғалтуға аса төзімді, және де донор мен қан тапсырмаған адамекуі бірдей жараланса, біріншісінің мүмкіндігі аса жоғары.
Донордың қаны тиянақты зерттеледі: гемоглобин құрамы тексеріледі, қанның топтық және резустік заты белгіленеді, ВИЧ-инфекция, В және С гепатитіне, сифилиске қан ды тестілеу жүргізіледі. Осындай тексерілу ақылы клиникада қанша тұрады екен? Ал донорлар үшін денсаулықты тексеру аз уақыт ішінде тегін жүргізіледі. Өз талдаулар қорытындыларын үш күнде қолыңызға алатын боласыз! 4 айдан кейін сізге қайтадан қан тапсыруға және тексерілуге шақыру үшін телефон шалады немесе жазбаша хат жібереді, немесе Сіз өзіңізде келе аласыз!
Ерлерге донор болу пайдалы.
Қан ауруларына шалдықпаған ерлерге тұрақты донорлық ұсынылады. Осы тұжырымға фин медиктері кездейсоқ келді. Жүрек-тамыр ауруларымен айналысып, өз қандарымен бөлісуге үйренбегендерге қарағанда, олар донорлар арасында көбінесе коронарлық жетіспеушілігімен тоғыз есе сирек кездесетініне көңіл аударған. Мәселені меңгеру келесі шешімге келді: донорлықты тұрақты тәжірибеге айналдырған ерлер, жүрек-тамыр ауруларының кеңінен таралуын қандағы жоғарғы концентрат байланыстыратын артық темірден құтылады.
Неге донорларға төлемейді?
Төленген мемлекеттік кадрлық донорлардан көрі, өтеусіз донорлардың қаны инфекциялық қатынаста қауіпсіз деп есептеу дұрыс. Себебі, өтеусіз донорларды шынайы идеялар жүргізеді, ал материалды қызығушылық танытқан донорлар өздерінің денсаулықтары жайлы маңызды ақпаратты жасып қалуы мүмкін.
Қан донорлығы - денсаулықтың визит карточкасы!
Қан қызметіне донордың әр келуі дәрігерде қаралудан және қан талдауын жүргізуден басталады. Бұл сіздің денсаулығыңыздың тұрақты және тегін бақылауы! Донор - бұл жүз пайызды денсаулығы мықты және сенімді, жұмысқа, күйеуге немесе тұрмысқа алуға қауіпсіз адам.
Донация арасында интервал сақтаңыз, өз денсаулығыңызды күтіңіз, сонда ғана донорлық Сізге зиян келтірмейді және ондаған және жүздеген адамдар өмірін сақтайды.