Қалалық Қан орталығы өзінің қызметін тұрақты жетілдіру, көрсететін қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру негізінде ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. далее Міндеттер Донорлықтың ең қауіпсіз түрі - қайтарымсыз және тұрақты донорлықты дамыту. Медициналық мекемелердің қан және оның компоненттеріне деген сұранымын 100 пайыз үздіксіз қамтамасыз ету. Донор қанын дайындау және қайта өңдеуде инновациялық тәсілдерді қолдану. Өндірілетін қан компоненттерін қосымша қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз ету (лейкофильтрациялау, карантиндеу, патогендерді инактивациялау).



