Қызметтің басты бағыттары
1. Қан және оның компоненттері донорлығын ұйымдастыру және дамыту, жинақтау, донорлық кадрларын есепке алу және іріктеу.
2. Қан компоненттерін даярлау және өндеу.
3. Донорлық қан үлгілеріне зертханалық зерттеу.
4. Пациенттер үшін иммуногематологиялық зерттеу жүргізу және донорлардың жыныстық жасушылары, мүшелері мен тіндердің ВИЧ ке зерттеу жүргізу.
5. Қан компоненттерін есепке алу және сақтау.
6. Алматы қ. денсаулық сақтау ұйымдарының қажеттілігін донорлық қан өнімдерінде қамтамасыздандыру.
7. Алматы қ. ДСБ ұйымдарында донорлық қан компоненттерін пайдалануына мониторинг жүргізу.
Жұмыстың мақсаты: қауіпсіз қан компоненттерін шығару, сонымен қатар Алматы қаласының клиника пациенттеріне сапалы трансфузиялық көмекті қамтамасыздандыру.
Алматы қ. Қалалық қан орталығы Алматы қаласы акиматының 2004ж. наурыз айының 11-н №2/220 Қаулысына сәйкес құрылған.
2004-2005жж. Қажетті жөндеу жұмыстары, ғимаратты қайтар жоспарлау жүргізілді. Қызметкерлер штаты жинақталды, жабдықтар алынды.
2006жылдан бастап донорларды қабылдау басталды.