г. Алматы, Бостандыкский район, проспект Бухар Жырау, 47
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қалалық қан орталығы
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Қалалық қан орталығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы «Медициналық қызметтер (көмек) сапасын ішкі және сыртқы бағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына сәйкес Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында Донорларды қолдау және ішкі аудит қызметі құрылып, қазіргі уақытта жұмыс істеп жатыр.

Донорларды қолдау және ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – Қызмет) көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын басқаруға қатысты қызметті жүзеге асырады.

Қызметтің мақсаты - донорлардың шағымдарын «осында және қазір» қағидасы бойынша жедел шешуге, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жүйелі түрде талдауға және жақсартуға бағытталған.

  • Донорларға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы ішкі аудиттер, донорлардың медициналық жазбаларына шолулар және донорлық сауалнамалар арқылы денсаулық сақтау саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес бағаланады.
  • Алматы қаласының медициналық ұйымдарын сапалы, қауіпсіз және қолжетімді трансфузиялық терапиямен қамтамасыз ету үшін қан компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу ережелерінің сақталуын бақылау.
  • Жұмыстағы сәйкессіздіктердің алдын алуға және жоюға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Қызметтің бекітілген құрамы:

Қызмет төрағасы директордың медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Кереибаева Асел Болатовна

Директордың ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары: Ұ.М. Ордабаева

Сапаны бақылау, ішкі аудит және донорларды қолдау бөлімінің басшысы: А.Д. Матаева

Донорларды жинақтау бөлімінің басшысы: Н.А. Абдықадыров

Бас медбике: А.Ж. Нышан

Эпидемиолог: М.Б. Сейтахметова

Әдіскер дәрігер: Т.А. Бектұрғанов

Заңгер: З.Х. Ізбасов

ДОНОРЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ

Егер сіз:

  • көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына көңіліңіз толмаса
  • медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін қызметтер үшін медициналық қызметкерлердің ақша талап ету жағдайларына тап болсаңыз
  • немесе медициналық қызмет көрсету тәртібіне және сапасына қатысты басқа да мәселелерге тап болсаңыз.

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

Құрметті донорлар мен келушілер!

Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қатысты Сіздің өтініштеріңіз ауызша және жазбаша түрде қабылданады:

  • мына телефондар арқылы хабарласыңыз: Алматы қ. ҚДСБ "Қалалық қан орталығының сенім телефоны 8 (702) 3616040, ДҚІАҚ телефоны 338-23-81 ішкі. (206) сағат 9:00-ден 17:30-ге дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін.
  • бірінші қабаттағы тіркеу бөлімінде орналасқан «Ұсыныстар мен шағымдар» жәшігі арқылы жазбаша өтініш немесе шағым қалдыруға болады (ол жерде арнайы баспа нысандары қолжетімді).
  • сапаны бақылау және донорларды қолдау бөліміне жүгінуге болады (2-қабат, 26-кабинет).
  • kz веб-сайтындағы «Сұрақ-жауап» бөлімі арқылы;
  • қызмет басшысына (медициналық мәселелер жөніндегі директордың орынбасарына) тікелей хабарласу арқылы;
  •  

Жазбаша өтініш берген кезде мына деректерді көрсету қажет:

  • Аты-жөніңіз (тегі, аты және жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса – әкесінің аты), пошталық мекенжайыңыз, байланыс деректеріңіз (телефон нөмірі, электрондық пошта және нақты мекенжай), өтініштің мәні, берілген күні, сондай-ақ өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы.

Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімдер ішінде қарастырылады және кейіннен өтініш берушіге нәтижесі туралы хабарланады.