ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАН ДОНОРЛАРЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
2004 жылдан бері жыл сайын 14 маусымда әлем жұртшылығы Дүниежүзілік қан донорлары күнін атап өтеді. Бұл күн - өз қанын өтеусіз тапсырып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға үлес қосып жүрген жандарға алғыс білдіретін ерекше мереке.
Қан донорлары - ауыр науқастарға, шала туған нәрестелерге, күрделі ота жасалған пациенттерге және босану кезінде көп қан жоғалтқан аналарға үміт сыйлайтын жандар. Олардың әрбір донациясы - біреудің өмірін жалғаған маңызды қадам.
Осы айтулы күнге орай Алматы қалалық Қан орталығында қан донорларын құрметтеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылады.
Сіздерді мерекелік шараға қатысып, адам өмірін сақтауға үлес қосып жүрген донорларға бірге құрмет көрсетуге шақырамыз!
Күні: 13 маусым 2026 жыл
Уақыты: 08:00–08:45
Өтетін орны: Алматы қалалық Қан орталығы, Бұқар жырау гүлзары, 47
Қан тапсырып, өмірді сақтау - адамгершіліктің асыл үлгісі.




