Қазақстан Республикасының 2016 - 2020 жылдарға арналған Қан қызметін дамыту тұжырымдамасы
1. Кіріспе
Қан қызметі отандық денсаулық сақтаудың актуалды салалары болып табылады.
Жедел медициналық жәрдемнің тиімділігі, медицинанң әртүрлі бағыттары бойынша жаңа технологияларды енгізу және де азаматтардың денсаулық көрсеткіштері қан қызметінің дамуымен тікелей байланысты.
Осы саладағы проблемаларға жаңаша көзқарас азаматтардың денсаулық сақтау жүйесінде экономикалық жаңашылдықтармен және әлемдік трансфузиологиялық тәжірибеде қолданылатын технологияларды дамытудың заманауи деңгейімен негізделген.
Қызметтің халықаралық стандарттарына жоспарлы түрде ауысуды қатамасыз ету, өндірістік және клиникалық трансфузиологиядағы ғылыми - талданбалы зерттеулерді өткізу кезінде жағдайлар жасау, қан қызметінің кадрлық әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет.
Республиканың қан қызметінің одан әрі дамуының негізгі бағыттарын анықтау мақсатында осы Тұжырымдама әзірленді.
1. Ағымдағы жағдайды талдау
Бүгінгі күні респуликада қан қызметі саласында жұмыс істейтін 18 ұйым - Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығы, Республикалық қан орталығы, 14 облыстық қан облыстық қан орталықтары, Алматы мен Семей қалаларындағы қалалық орталықтар жұмыс істейді.
Қан қызметінің техникалық модернизациясын өткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1251 қаулысымен 2008 - 2010 жылдарға арналған қан қызметін жетілдіру бағдарламасы бекітілген болатын, оның шеңберінде елдің 10 аумағында жаңа қан ортылығының құрылысы, сондай - ақ жұмыс істейтін ұйымдардың жаңа құрал - жабдықтармен жарақтандыру жүзеге асырылды. Қан қызметінің жұмысын үйлетіру мен әдістемелік ілесіп жүру, трансфузиологиялық ғылымды дамыту жөніндегі мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №111 қаулысымен Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығы құрылды.
Қан қызметінің жұмысын реттейтін нормативтік актілерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды, Министрліктің 16 бұйрығы әзірленіп, қабылданды, ҚР Үкіметінің тағы 4 қаулысы әзірлеуде жатыр. ҚР «Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне өзгерістер әзірленуде.
ҮЕҰ қабылданған халықаралық стандарт бойынша трансфузиологиялық инфекциялардың маркерлеріне қан донорлығының скринигі: жабық түрдегі толығымен автоматтандырылған талдау құрал - жабдығын пайдаланумен қан донорлығынның екі кезеңді (ИФА+ПЦР) тестілеу жетілдірілді. Бұл стандарт 2013 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді, 2013 жылғы қорытынды бойынша екі кезеңді скриниг донациялардың 97, 4% - ға, 2014 жылы донациялардың 100% - ға жүзеге асырылды. Нормативті түрде бекітілген және әрбір донациядан соң қан донорлығының үлгілерін мұрағатау енгізілген.
Қан қызметін оңтайландыру аяқталуда, қан компоненттерін клиникалық қолданудың ұйымдастырушылық және зертханалық ілесіп жүру функциялары бар трансфузиология бөлмелеріне қайта жабдықталған ауруханалардағы қан құю бөлімшелерінің қан дайындау тоқтатылды. Қалалық мақсаттағы кіші қан орталықтару облыстық орталықтардың филиалдарына қайта қалыптасқан, облыстық орталық деңгейінде заманауи зертханалар құрылған, оларға байланысты инфекциялардың скринингке деген әдіс республикада аумағында бірдейлендірілген және халықаралық тәжірибеге сәйкес болады.
Донациялар мен дайындалған қанның жалпы саны жыл сайын өсіп келеді. Донациялардың саны шамамен 290 мыңға жетеді, донорлық және оның қан компоненттерін дайындаудың көлемі 196 литрді құрады.
Донорлық құрылымда донациялардың жалпы өсуі кезінде ақылы донациялар саны (2012 год - 16%, 2013 - 15%, 2014 - 13%) мен туынқандық донациялар 2012 и 2013 жылдары 43% - дан 2014 жылы 41% - ға дейін) азайтылады, тиісінше қайтарымсыз және ерікті донациялар үлесі өсіп келеді.
Қан мен оның компонентерін автоматты түрде дайындау мен қайта өңдеудің заманауи ресурстарды үнемдейтін технологиялары енгдіру көлемдері өсіп келеді. Аферезді тромбоцитерді дайындау (аппараттық жолмен алған) 2013 - 2014 жылдары жалпы дайындалған дозалардың жалпы көлемінен 50% асады.
Трансфузиялық терапияның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін арттыру үшін қан компоненттерінің лейкофтльтрациясы менвирустық инативация әдістері кеңінен қолданылады. Мысалы, 2014 жылы медициналық ұйымдарға лейкофильтрацияланған эритротциттен тұратын трнасфузиялық орта 17% өсті (2014 жылы 65% 2011 жылғы 48% қарсы). Қан орталықтарының барлығында вирустық инактивацияны өткізу үшін аппараттар сатып алынды, вирустық инактивацияны өткен қан компоненттерінің көлемі жыл сайын өсіп келеді. Берілген инактивацияланған тромбоциттердің үлесі 2011 жылғы 33% қарсы 2017 жылы 64%, инактивацияланған ЖМП - 11% қарсы 20% құрады. Тұтастай компоненттердің иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздік деңгейін арттыратын әдістермен қосымша өңдеуден өткен қан компоненттерінің үлесі 2011 жылға 65% қарсы 2014 жылы 78% құрады.
2012 жылы Қан қызметінің республикалық референс - зертханасы құрылып, өз жұмысын бастады, қан орталығының зертханаларымен орындалған зертханалық зерттеулердің (ССБ) сапасын сырттай бағалау бағдарламасы енгізілді. ССБ нәтижелері тұрақты түрде денсаулық сақтау басқармасының органдарына ұсынылады.
2011 жылы тінді иммунологиялық типирлеу зертханасы құрылды, ол органдардың, тіндердің, гемопоэзтік дің жасушаларын трансплантациялау шеңберінде донорлар мен реципиенттердің үйлесімділігін анықтауды жүзеге асырады. Зертхана құрылған сәттен бастап кезеңде 17 мыңнан астам зерттеулер өткізілді, олардың нәтижелері ретінде 300 органды ауыстырып қондыру өткізілді (жүрек, бүйрек, бауыр, ГДЖ), ГДЖ Республикалық Донорлар тіркелімі, органды ауыстырып қондыруды талап ететін пациенттердің күту парағы құрылады.
2010 жылы ТПҰО құрамында құрылған крибиология бөлімі шеткі қан мен сүйек кемігі миының дің жасушаларын алу технологиясын, оларды кариоконсервілеу мен өте төменгі температура жағдайында ұзақ уақыт сақтауды тәжірибеге енгізіп жатыр. ТПҰО қолдауымен 2011 жылы алғаш рет республикада онокгематолоиялық патолгиялары барпациенттерге, оның ішінде балаларға аутологиялық және аллогендік гемопоэздік тін жасушаларының трансплантациясы жүргізілген болатын 2011 жылдан бастап ГДЖ трансплантацияларының саны өсіп жылына шамамен 50 - ге дейін өсті, жылына 200 трансплантация жасау жоспарлануда.
ТПҰО базасында трансфузиология курсы құрылып, табысты түрде дамып келеді, ол құрылғаннан бастап жоғары және орташа медициналық білімі бар 697 мамандарды оқытты.
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы қан қызметінің қазіргі жағдайы дамудың тұрақты оң көрсеткіштерімен сипатталады.
Сонымен қатар, қан қызметінде өзінің шешімін талап ететін проблемалар да бар.
Бірқатар аумақтарда білікті кадрлардың жетіспеушілігі орын алады, ол еңбек ақысының төмен мөлшерімен және басқа кәсіби ынталандыру нысандарының болмауынан болып отыр. Аумақтың қан орталықтарының штаттары 74% - ға жоғары медицналық білімі бар мамандармен (2011 жылы 86%), орта медицналық білім бар мамандармен 90% - ға (2011 жылы - 92% - ға) жасақталған.
Қан қызметін шектеулі қаржыландыру қан компонентерін инфекциялық және иммунолгиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету технологияларын тәжірибеге енгдірудің жеткіліксіз деңгейімен негізделеді. Жақсы жарақтандыруға қарамастан, автоматты талдаулар жеткілікті түрде пайдаланылмайды, мысалға орташа есеппен республика бойынша иммуногематологияда автоматтандырулы ендіру деңгейі 60% - дас аспайды. Трансфузиологиялық инфекциялардың маркерлерін скринингі бөлігінде автоматты технологиялар ИФА үшін 71% - ға (2013 жылы 67%) және ПЦР үшін 88% - ға (2013 жылы 86% - ға) пайдаланылады. Бірқатар аумақтарда зерттеулердің бөлігі жартылай автоматтандырылған немесе ашық түрде анализаторларды пайдаланумен орындалады. 2 аумақта (Алматы қалалық қан орталығы мен Ақтау облыстық қан орталығы) ПЦР - зерттеулерді «қолмен» өткізу әдістері пайдалану жалғасып жатыр.
Иммундық жағдайы өзгерген пациенттер үшін қан компоненттерін ренгендік сәулелендіру технологиялары Астана қаласында ғана меңгерілген.
Өндіріс кезінде қан компоненттерінің сапасын бақылау толық көлемде орындалмайды, нәтиженің қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайтын тиісті емес технологиялар пайдаланылады.
Бірыңғай ақпараттық бағдарламаның болмауы қан қызметінің күнделікті проблемасы болып табылады, ол қауіпсіз трансфузиологиялық терапияны қамтамасыз ету жөнінде бірқатар міндеттерді шешу мүмкіндік бермейді. Олардың арасында донорлар туралы және донорлыққа қарсы көрсетімдері бар тұлғалар туралы бірыңғай деректер базасын енгізу, штрих - код жүйесі бойынша қан компоненттерін өндірудің барлық кезеңдері мен зертханалық тестілеуді қадағалау мүмкіндігі, мәліметтерді тіркеу мен беруді автоматтандыру сияқты мәселелер бар. Сонымен бірге, республиканың тек 12 аумағында ғана әр кезеңде донор мен өнімді есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық бағдарлама енгізілген, ал қалған 6 және 18 орталық авоматтандырылған бағдарламалары жоқ, әлеуетті қауіпті донорларды алып тастау үшін тұлғаларды тексеру дұрыс жүзеге асырылмайды.
Трансфузиологияның клиникалық бөлігінің жағдайы да одан әрі дамыту мен жетілдіруді талап етеді.
Республиканың 20% медициналық ұйымдарда трансфузиолог - дәрігерлердің босатылған ставкалары жоқ. Трансфузиология ставкілері бар ұйымдарға бар болғаны 0, 25 - 0, 5 ставка (57% медициналық ұйым) ғана бөлінген. Көп жағдайда оларды орын ауыстырушылар орын алады, оларда әдетте трансфузиологтардың мамандығы мен сертификаттардыжоқ болады, ол қайта даярлаудың ұзақ курстарымен түсіндіріледі. Тек 81 МҰ 1 және одан да көп трнасфузиолог ставкілері бар (17% МҰ). МҰ кадрлардың болмауы және жетіспеушілігі трансфузиология терапиясының негізгі қағидаттарын түсінбеумен негізделеді. Трансфузиолог бөлмелерін жеткілікті түрде жабдықамау қан компоненттерін дұрыс сақтамауға және оларды трансфузияға дайындамауға алып келуі мүмкін. Замануи иммуногематологиялық зерттеулер енгізілмеген, трансфузиология терапияның бірыңғай мониторингі мен бағалау жүйесі, трансфузиядан кейінгі асқынуды тіркеу дамымаған.
Халықтың донорлық белсенділік көрсеткіштері жалпы әлемдік көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған донорды дамыту деңгейі кезінде донорлардың үлесіне өзін - өзі қамтамасыз ету үшін қан ел халқының 2, 5% келуі тиіс, бұл ретте әлеуетті қажетілігін қанағаттандырудың қажетті минимумы халықтың 1% құрайды.
Қазақстанда бұл көрсеткіш аумақтар бойынша бұл көрсеткіштің көрсетілген ауытқуларымен (100 - ға Алматы облысы - 8, Астана - 51) халықтың 1000 санына 1, 7% немесе 17 донациясын құрайды. Салыстыру үшін: Данияда бұл көрсеткіш 67 құрайды, Германияда - 52, Ресейде 25.
Бұл ретте донорлықды дамытудың мақсаттарды тұтастай алғанда және толығымен қан қызметіне жүктелген. Ұлттық деңгейде донорлық қозғалысты дамыту мен қолдау жөнінде құрметті донорлар үшін жеңілдіктер мен преференцияларды алып тасталған, ұсынылып отырған донордың энергетикалық шығындарын өтеу қажетті деңгейге сәйкес келмейді (Германияда өтеудің көлемі 20 еуроны, Қазақстанда 1, 8 еуроны құрайды).
Өңірлерде жергілікті атқару органдарының тараптарынан донорлықты насихаттауда қаржылық қолдау ішкі сипатқа ие. Бизнес тарапынан да қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесі де әлсіз дамыған. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық әсер етудің орнына қоғамда трансфузиологиялық терапия мен донорлықтың алдында негізссіз қорқынышты қалыптастыру тактикасын ұстанып отыр.
Нәтижесінде донорлық қатарларда ақылы донорлар мен ауыстырмалы донорлардың (туысқандар - донорлар) үлесі жеткілікті түрде тез төмендеп келеді. Сонымен қатар, Денсаулық сақтаудың дүниежізілік ұйымының ұсыныстарына сәйкес ерікті қайтарымсыз донор «алтын стандарт» болып табылады, ал қаржылық немесе өзге мүдделері бар донорлар - теоретикалық санаттар ұғымында әлеуетті қауіпті болып табылады.
Гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау технологияларын ендіру арқылы гемобластаза сияқты әлеуметтік елеулі ауруларды тиімді емдеуді арттыру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыс медициналық мекемелердің бастамасы және «өзара көмек» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл мәселеде уәкілетті органның, оның ішінде тиісті қаржыландыруды бөлу арқылы қолдауы қажет.
Қанның препараттарын заманауи өндірісі болмау Қазақстанның қан қызметінің күрделі проблемалары болып табылады. Қазақстанда бірқатар қан орталытарында бар қан препараттарын өндіру қажетті қуаты жоқ және моральды тұрғыдан тозған. Мысалға, альбуминдегі қажеттілі ДДҰ ұсынған нормативтерден 12 - 14% - ға ғана қамтамасыз етіледі. ҚР иммуноглабулиндер тек күре тамырдың ішіне енгізу үшін өндіріледі, ол әлдеқайда олардың тиімділігін төмендетеді.
Қазақстанда қанның ұю факторлары өндірілмейді және шетелден сатып алынады. Негізінен олар гемофилияны емдеу үшін орын алмастыратын құрал ретінде қолданады және бұл бағаларға жыл сайын мемлекеттік бюджеттен елеулі қаражат бөлінеді. Донорлық қаннан алатын бірқатар препараттар бар, олар Қазақстан нарығында қазіргі уақытта жоқ.
Сондай - ақ қазақстандық қан препараттар нарығындағы проблема сапа мен қауіпсіздікді қамтамасыз етумен байланысты өндіруде проблемалары бар препараттардың импорты болып табылады. Мысалға, ТМД елдерінің өндірген альбумині трансфузиялық инфекцияларға донорлық қанның екі кезеңді скринингі жасалмаған шикізаттан өндіріледі. Сондай - ақ бұл елдерде әрбір донациядан соң донорлық қанның үлгілерін мұрағаттаудың міндетті талаптары жоқ, ол қазақстандық қан қызметі заңнамасынының талаптарына сәйкес келмейді. Қазақстан нарығына биологиялық препараттарды тіркеу мен рұқса ету жүйесіндегі проблеманың басқа ашық мысалы болып «Вирустыбелсендірілген плазма» («Плазма вирусинактивированная») препараты болып табылады, ол іс жүзінде қанның компоненті болып табылады және соған байланысты қан компоненттеріне ұсынылатын барлық талаптарына сәйкес болуын бқылауға жатады.
Мықты жақтары
Қазақстанның қан қызметінің мықты жақтары болып донорлық қан мен оның компоненттерінің дайындау, қайта өңдеу, зертханалық тестілеу үшін заманауи құрал - жабдықтармен жабдықталған тиіптік жобалар бойынша салынған қан орталықтарының болуы табылады.
Республиканың қан қызметінің жұмысын регламенттейтін әзірленген нормативтік актілер халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Республиканың қан қызметінің жұмысына талдау өткізу үшін және басқару шешімдерін оларды одан әрі жетілдіруге бағытталған жобаларды жасау үшін кадрлық әлеуетке ие Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығы құрылды. ТПҰО қан қызметінде қолданылатын алдыңғы қатардағы халықаралық тәжірибе мен жаңа технологиялардың трансфертінің оқулық және тәжірибелік базасы болып табылады.
Әлсіз жақтары
Қан қызметінің ағымдағы қаржыландыру жеткіліксіз орын алуда, соған байланысты қан компоненттерінің лейкофильтрация мен вирустық инактивация технологияларын кең енгізу жеткіліксіз.
Трансфузияологиялық терапияның клиникалық тиімділігі мен асқынулардың мониторингінің жүйесі дамымаған. Қан компоненттерін клиникалық қолдануды жүзеге асыратын медиуиналық ұйымдардың әкімшілігімен трансфузиялық терапияның сапасы мен қауіпсіздік мәселелеріне жеткілікті назар аударылмайды.
Мүмкіндіктер
Трансфузиялық терапияның қауіпсідік мәселелері ел басшылығының бақылауында болып отыр. Бар кадрлық әлеует, мемлекеттік органдар мен халықаралық сарапшылардың назары мен қолдауы саланы қарқынды дамытуға және жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Қауіптер
Ерікті донорлық мен қан қызметін тұрақты дамыту үшін қауіп болып халықтың гепати вирусымен, ВИЧ, туберкулезбен және басқа инфекциялық ауруларын жұқтырудың жоғары деңгейі орын болып табылады.
1. Негізгі ережелер
Мақсат:
Трансфузиялық терапияның үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін және сапа, тиімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қан қызметін құру
Міндеттер:
1) Қан қызметінің нормативтік базасын жетілдіру;
2) Трансфузиологиялық терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру;
3) қан компонентерін дайындау, қайта өңдеу, зертханалық тестілеу, клиникалық қолдану әдістерін жетілдіру;
4) донорлық қанның референс - зертханаларын және зертханалық тестілеу жүйелерін дамыту;
5) кадрлық әлеуетті нығайтып, дамыту;
6) қан қызметінің инфрақұрылымын жетілдіру мен оның материалдық - техникалық базасын нығайту;
7) ерікті қайтарымсыз донорлықты дамыту.
1. Қан қызметінің нормативтік базасын жетілдіру
Қан қызметінің халықаралық стандарттарының өзгерістеріне және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды экономикалық және ғылыми - тәжірибелік деңгейіне сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарлы қайта қаралып, жетілдіру шаралары қабылданатын болады.
1. Қан компонентерін дайындау, қайта өңдеу, зертханалық тестілеу, клиникалық қолдану әдістерін жетілдіру
Қан орталықтарында өндірістік процестерді жетілдіру бойынша жұмыс жалғатырылатын болады. Тромбоциттің пулирлі концентратының инактивациясын кейіннен өткізумен лейкотромбоцитарлық қабаттан тромбоциттерді алу әдістерін енгізіледі. Қазақстанда жоқ патоген - инактивациялар технологиясын зерттеу мен енгізу мүмкіндіктері пайда болады.
Ел масштабында тромбоцит концентратының толық патоген - инактивацияларын енгізу жөнінде шаралар қабылдау қажет, себебі бұл компонент оны сақтаудың ерекше жағдайларына сәйкес ол бактериялық контаминацияның жоғары тәуекеліне және пациенттерде инфекциялық асқынулардың дамуына ие.
Республикалық референс - зертхана басты үлгілерді жіберу және қайта тестілеуді өткізу үшін мұрағаттарты таңдады өткізу арқылы қан орталықтарымен өткізілген зертханалық зерттеулердің сапаның сыртқы бақылауын (ССБ) дамыту жөнінде өз жұмысын жалғастырады.
ССБ қамтылған зертханалрдың саны аумақтардың медициналық ұйымдарының зертханалары есеьінен ұлғайтылатын болады. 2016 жылы ИСО 17043 «Сапаның сыртқы бағалау бағдарламаларының провайдерлеріне қойылатын талаптар» стандартының талаптарына сәйкес халықаралық аккредитациясын өту жоспарлануда.
Гепатит В мен С маркерлеріне донорлық қан скринингінің сапасының сыртқы бақылауын өткізу үшін басты үлгілерді зерттеу мен дайындау әдістерін енгізу жалғасады.
Трансфузиялық инфекцияларға қан донорлығының скринингі жүйесін жетілдіру үшін қазақстандық популяциядағы Т - лимфотропты вирустың таралуын зерттеуге бағытталған ғылыми - қолданбалы зерттеулер өткізу жоспарлануда. Зерттеулердің нәтижелері қан донорлығында міндетті скринингке жататын трансфузиялық инфекциялардың спектрін кеңейту жағынан қаралатын болады.
Трансплантологияны зертханалық ілесіп жүру жөніндегі қызмет жоспарлы одан әрі дамуды талап етеді. Оңтүстік аумақта трансплантацияны жүргізу үшін Алматыда тінді типирлеу зертханасын құру қажет. Бірыңғай зертхананы құру үшін база болып Республикалық қан орталығы таңдалады, ол зертханалардың трансплантациялық клиникалардан тәуелділік принципін қамтамасыз етеді және қаржылық құралдары мен кадрлық ресурстардың таралуын болдырмайды, өткізілген зерттеулердің көлемін ұлғату есебінен типирлеудің нәтижелерінің дұрыс сапасымен қамтамасыз етеді. Органдар мен тіндердің трансплантациясын өткізу шеіберінде, оның ішінде ГДЖ, сондай - ақ органның трансплантациясына мұқтаж пациенттердің күту парағын және Республика ГДЖ донорлар тіркелісімін құру шеңберіндегі өсіп келе жатқан зерттеулерді ескере отырып, ТПҰО - да жұмыс істейтін тінді типирлек зерханасын қосымша жабдықтау бойынша шаралар қабылдау қажет.
Қан қызметі саласында жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдару үшін аккредитация стандарттарының талаптарына сәйкес ұлттық аккредитациядан өтуге республиканың қан қызметін ұйымдастыруды дайындау жөнінде шаралар қабылданатын болады. Қазіргі уақатта аккердитацияның стандарттарымен жұмыс ақталуд, қан қызметі саласында жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдару үшін аккредитация стандарттарының талаптарын қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленіп жатыр.
Лейкодеплеция, вирустық инактивация, карантизация, гамма - сәулелену технологияларын қолданудың көлемдерін кеңейту есебінен трансфузиялық терапияның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін одан әрі арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. ҚҚТР профилактикасы мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 6 қарашадағы №666 бұйрығына сәйкес әлсіз немесе аыру салдарынан иммундық статусы өзгерген пациенттер үшін міндетті гамма - сәулеленуді енгізу қажет.
Трансфузиялық терапияның, клиникалық аудиттердің, монитарингі мен клиникалық тиімлділігін бағалау жүйесі ұйымдастырылатын болады, медициналық ұйымдарда трансфузиялық кеңестердің жұмысы жетілдіріледі.
Көптеген трансфузиялары бар реципиенттерке трансфузиялық көмектің сапасын жақсарту мақсатында HLA - жүйесінің ангитендері бойынша қан компоненттерін жеке іріктеуге негізделген ғылыми зерттеу өткізілетін болады. Зерттеудің нәтижелері қан компоненттерінің көптеген трансфузиялары бар пациенттерге медициналық көмек көрсеткен мамандар үшін тиісті басқару шешімдерінің негізіне және әдістемелік ұсыныстарына кіреді.
Плазма ақуызының дефицитімен сипатталатын жағдайлардағы терапияның сапасын жақсарту үшін қан препараттарына плазманы контрактілі фракциялау жобасын іске асыру ерекше назарға ие. Аталған жобаны дамыту үшін нормативтік негізді дайындау 2015 жылда аяқталуы тиіс. Жобаның барлық қатысушыларының өзара әрекет ету тәртібін анықтау бойынша уәкілетті органның құзыретін заңнамалық түрде бекітілгеннен кейін әзірленеді және тиісті нормативтік акт қабылданатын болады. Сонымен бірге ТПҰО базасында шикізаттың көлемі 10 мың литрін сақтайтын тоңазытқыш камерасын салу қажет.
Одан соң өз шикізаттан алған дайын өнімді шетелден қайтарып алу және экономикалық табысты алу арқылы бастапқы көлемді жинау мен жіберу (8 тон плазма) бойынша пилоттық жобаны іске асыру қажет.
1. Кадрлық әлеуетті нығайтып, дамыту
СПИД қызметтерімен бірдей донорлық қанмен жұмыс істеген кезде жұқтырудың жоғары тәуекелі үшін қызметтік мамандарына 60% қосымша ақы төлеу арқылы қаржылық мотивацияны арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
ТПҰО базасында трансфузиологияның курстарын дамыту бойынша, соның ішінде оқыту бағдарламаларының тізбесін кеңейту, кейстік және басқа дистанциялық технологияларды, вебинарларды пайдаланып оқыту ыңғайлы нысандарын енгізу арқылы жұмыс жалғасатын болады. ТПҰО базасында трансфузиология жөніндегі мамандарды дайындау үшін резидентура ашылатын болады.
Трансфузиялық терапияны жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін (қайта даярлау, сертификация) белгіленген талаптарға сәйкес тұрақты монитринг ұйымдастырылатын болады.
ТПҰО мамандарының жіне медициналық ұйымдардың клиникалық мамандарын тарту арқылы аумақтық қан орталықтарының күшімен өндірістік және клиникалық трансфузиология саласындағы ұйымдастырушылық және медициналық технологияларды жетілдіруге бағытталған ғылыми - қолданбалы зерттеулерді өткізу жоспарлануда.
1. Қан қызметінің инфрақұрылымын жетілдіру мен оның материалдық - техникалық базасын нығайту
Қан қызметінде бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру жөніндегі міндеттерді шешу үшін бағдарламалық өнімді құурға, сондай - ақ қан орталықтары мен медициналық ұйымдардағы трансфузиология кабинеттерін компьютерлік және басқа техникамен жабдықтау үшін сатып алулар мен техникалық тапсырманы әзірлеу бойынша шаралар қабылданады.
Алматыда (2022 жылы Олимпиядалық ойындарды өткізуді ескере отырып), Қызылорда мен ақтөбе облыстарында қан орталықтарының жаңа ғимараттарының құрылысы қажет.
2009 жылғы 6 қарашада ҚР ДС № 666 бұйрығымен бекітілген Қанды және оның компоненттерін және қан препараттарын сақтау, құю ережелерінің 2 - ші қосымшасында көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес жекелеген санаттағы паценттерде «трансплант қожайынға қарсы» трансфузиялық - пайда болған аурудың профилактикасы мақсатында қанның компонеттерін гамма - сәулелендіру үшін қан орталықтарын арнайы құрал - жабдықпен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Тромбоциттің оның сақтау шарттарына орай бактериалды контаминацияның жоғары тәуекеліне ие болған компонент ретінде тромбоциттердің және тромбоциттердің негізгі пациенттер - тұтытынушылардың негізгі санатын ескере отырып, емдік желілеріне берілген вирустық инактивациямен 100% қамтамасыз ету бойынша шара қолдану қажет.
Онкогематологиялық аурулар кезінде гемопоэздңк дң жасушаларды трансплантаиялау технологиясын енгізу мен қолдануды кеңейту ТПҰО материалдық - техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін нығайту бойынша шаралар қабылдады талап етеді.
Трансфузиология кабинеттерін гемототрансфузиялық орталардың сақтау үшін, оларды трансфузияға дайындау үшін арнайы құрал - жабдықпен жабдықтауды жақсарту, ҚР ДС 2010 жылғы 27 қазандағы №850 бұйрығымен бекітілген жабдықтаудың ең төменгі стандартарына сәйкес трансфузияны өткізу туралы шешім қабылданудың адекватты зертханалық негіздемесі жөніндегі шараларды қабылдау қажет .
1. Ерікті қайтарымсыз донорлықты дамыту
Қазақстандық қоғамда қан донорлығы және оның компоненттері идеясын тиімді алға тарту мақсатында бірінші кезекте БАҚ, ҮЕҰ, діни, білім беру және басқа ұйымдарды тарту арқылы коммуникативтік жұмысқа негізділген ерікті қайтарымсыз донорлықты ведомствоаралық дамыту бағдарламасы әзірленетін болады.
Бұдан басқа, донорлық функцияларды жүзеге асырған кездегі донорларға энергетикалық шығындарды өтеу мөлшерін ұлғайту көзделіп отыр.
Гемопоэздік дің жасушаларының Республикалық донорлар тіркелімін қарқынды дамытуды талап етеді, оның тиімті ұлғайту үшін Алматы және басқа қалаларда қосымша зертханалық қуаттылықтарлы ашу талап етіледі.
Іске асыру мерзімі Іс - шаралар жоспарына сәйкес 2016 - 2020 жылдары.
6. Қорытынды
Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының қан орталығында сапалы өзгерістер туындайды. Үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, қызметтік ең заманауи стандарттары енгізілетін болады. Жаңа трнасфузиологтардың өз мектебі пайда болады, қан компоненерін клиникалық қолдану дәлелдемелік тәжірибеле ғана негізделетін болады. Ерікті қайтарымсыз донорлықтың ұлттық даму бағдарламасына халықтың көбі тартылатын болады.
ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ БАҒАЛАУ ДЫҢ ИНДИКАТОРЛАРЫ |
2015 |
2016 |
2018 |
2020 |
Автоматтандырылған жабық түрдегі анализаторларға өткізілген итнасфузиялық инфекциялардың маркерлеріне иммунологиялық зерттеулердің үлесі |
82 |
90 |
100 |
100 |
Автоматтандырылған жабық түрдегі анализаторларға өткізілген итнасфузиялық инфекциялардың маркерлеріне ПЦР - зерттеулері |
88 |
100 |
100 |
100 |
Бірыңғай ақпараттық бағдарламамен қамтылған қан орталықтарының саны |
0 |
2 (ТПҰО, РЦК) |
17 |
17 |
Донорлықты дамыту (донациялардың саны халықтың 1000 - на) |
17 |
17 |
20 |
25 |
Жалпы саннан қайтарымсыз донордың үлесі |
87 |
89 |
91 |
93 |
Трансфузияның клиникалық нәтижелеріне автоматтандырылған мониторингті енгізу (МО қамту %) |
0 |
10 |
20 |
50 |
ГДЖ Донорлар тіркеліміндегі донорлардың саны |
2300 |
4000 |
12000 |
20000 |