Дүниежүзілік донорлар күніне орай Алматы қаласының Қалалық қан орталығында донорларға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Орынбасарұлы Пашимов және «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының президенті, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Қалимолдин қатысты.
Іс-шара барысында көптеген жылдар бойы тұрақты түрде қан тапсырып, мыңдаған адамның өмірін сақтауға үлес қосып жүрген донорларға алғыс білдіріліп, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Қонақтар донорлық қозғалыстың қоғам үшін маңызын атап өтіп, ерікті түрде қан тапсырып жүрген азаматтарға ризашылықтарын жеткізді.
Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлап жүрген барша донорларға шынайы алғысымызды білдіреміз!



