Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа Ата Заң – еліміздің құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын, әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды құжат. Онда адам өмірі мен қадір-қасиеті, заң үстемдігі, қоғамдық келісім және ел бірлігі басты құндылық ретінде бекітілген.
Бұл тарихи өзгерістер Қазақстанның орнықты дамуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және жарқын болашаққа бастар берік негіз боларына сенеміз.
Алматы қалалық қан орталығы ұжымы әрдайым адам өмірін сақтауға қызмет етіп, қоғамдағы мейірімділік, жауапкершілік және өзара қолдау құндылықтарын дәріптей береді.
Жаңа Конституция еліміздің өркендеуіне, халқымыздың бірлігі мен бақ-берекесінің артуына қызмет етсін!




